Футбол
17 наурыз 2021 17:27

Тұңғышбаев ұлттық құрама сапына қосылуы мүмкін

Фото: КФФ©

"Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев Қазақстан ұлттық құрамасына шабуылшылардың бірі болып қосылуы мүмкін үміткерлердің қатарында,- деп хабарлайды Vesti.kz. Маусымдар арасында ол "Қайрат"-тан кетіп, өзінің туған клубына қайта оралған еді. 

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов жақын арада Франция мен Украинаға қарсы өтетін ӘМ-2022 іріктеу ойындарында үш орталық қорғаушы схемасын қолдануы мүмкін. Бас шабуыл шебінде де үш ойыншы болуы ықтимал. Олардың бірі Бахтиер Зайнутдинов болса, орталық шабуылшы болуға бірнеше ойыншы үміткер болып отыр. Солардың қатарында Тұңғышбаев та бар. Тренерлік штаб Еркебұланның шеберлігін жоғары бағалап отырғандықтан, әзірге ол үздік үміткер саналуда. Бауыржан Исламханның футболдан уақытша шеттетілуіне байланысты, құрама шебер ойын көрсететін жартылай қорғаушыға зәру екені жасырын емес. 

Осы маусымда Тұңғышбаев ешқандай ресми ойын өткізген жоқ. Себебі "Ордабасы" 2021 жылғы Қазақстан чемионатындағы "Қызыл-Жар"-ға қарсы өткізуі тиіс болған алғашқы ойынының күні кейінге шегерілген еді. 20 наурыз күні шымкенттік клуб карағандылық "Шахтер"-ге қарсы ойнайтын болады. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен екі маусымды Еркебұлан "Қайрат" сапында ойнады. Алайда, клубтың негізгі құрамына кіре алмай, ел чемионатында жалпы есепте 24 матч қана өткізген еді. 26 жастағы ойыншы Қазақстан құрамасының сапында соңғы рет 2018 жылы Ұлттар Лигасында Латвияға қарсы ойында өнер көрсеткен болатын.