Футбол
6 желтоқсан 2022 10:02
 

"Түні бойы жыладым". Неймар Катардағы сәтсіздік туралы

  Пікірлер

blog.share

"Түні бойы жыладым". Неймар Катардағы сәтсіздік туралы © fifa.com

Катардағы әлем чемпионатының алғашқы ойынында жарақат алып қалған Бразилия құрамасы мен ПСЖ шабуылшысы Неймар сол кезде түні бойын жылап шыққанын мойындады.  

blog.share

Катардағы әлем чемпионатының алғашқы ойынында жарақат алып қалған Бразилия құрамасы мен ПСЖ шабуылшысы Неймар сол кезде түні бойын жылап шыққанын мойындады.  

"Қорқып кеттім, өйткені бұл сәтсіздік тамаша өткізген маусымнан кейін болды. Мұндай жарақат алу әрдайым ауыр. Түні бойы жыладым. Отбасым менің қандай күйде болғанымды білмейді. Қазір бәрі жақсы, соған шүкір. Бұл үшін үлкен күш жұмсадық. Ілгері басатын уақыт келді. Біз титулды армандаймыз, алайда оған қадамдап жету керек. Бұл төртінші ойын еді, енді үшеуі қалды. Біз тас-түйін дайынбыз, чемпион атануға бар назарды салу қажет", - деп береді Неймардың сөзін Globo Esporte.

Еске салайық, Неймар Бразилияның 1/8 кезеңдегі Оңтүстік Кореяға қарсы ойынында алаңға шыға алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!