Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов италиялық "Аталантының" қызығушылын тудырып отыр. Бұл туралы Vesti.kz тілішісмен болған сұқбат барысында ресейлік журналист әрі инсайдер Андрей Панков айтып берді. Сонымен қатар ол ЦСКА бас жаттықтырушысы Ивиц Олич тағайындалғаннан кейін, қазақстандықтың жартылай қорғанысқа қайта келуі туралы да сөз етті.
Өткен жазда Зайнутдиновтың "Ростов" сапынан ЦСКА қатарына өтуі туралы ақпаратты да Панков айтқан болатын.
"Түсінуімше, италиялықтар расымен қызығушылық танытып отыр. Бірақ әлі ешқандай келіссөз басталған жоқ. ЦСКА әрдайым сатуға немесе ұсыныстарды қарастыруға дайын. Егер келіссөздер басталса, соңы жемісті болатынына сенімдімін. Транфердің құны қанша болуы мүмкін? Меніңше, жеті-он миллион (евро) болады.
Оличтің келуімен Зайнутдиновтың рөлі ауыса ма? Жаңа бас жаттықтырушы туралы айту әзірге қиын. Біз әлі оның қандай маман екенін, ойын жоспарын қалай жасайтынын білмейміз. Құрығанда бір-екі ойынын көру керек. Бірақ, менің ойымша Баханы жартылай қорғанысқа қайта алып келеді", - дейді Панков өз сөзінде.
Естеріңізге сала кетейік, Зайнутдинов осы маусымда РПЛ-де ЦСКА сапында 18 матч, Еуропа Лигасында алты ойын өткізді. 22 жастағы қазақстандықтың мәскеулік клубпен келісімшарты 2025 жылдың маусым айының аяғына дейін жасалған. transfermarkt порталы ойыншыны оценивает 3,5 миллиона евроға бағалап отыр.