Футбол
1 сәуір 2021 11:49
 

"Топастар командасы деп едіңдер". Франция құрамасының бапкері Қазақстанның сенсациялық ойыны жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Топастар командасы деп едіңдер". Франция құрамасының бапкері Қазақстанның сенсациялық ойыны жайлы Сурет: Sky Sports

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеудегі Украина мен Қазақстан ойнына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеудегі Украина мен Қазақстан ойнына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Киевте өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталған еді. Осылайша, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде бірінші ұпайына қол жеткізді. 

"Бұл бәріне де қиын (топта). Қазақстанға қараңыз, ол сендердің журналистердің ойынша топастар командасы еді, ал олар Украинада тең түсе алды. Сондықтан топас болмағаны ғой, солай ма?", - деп береді Дешамның сөзін Get French Football News.

Еске салайық, Франция құрамасы да Украинамен тең ойнаған еді (1:1).

Жеті ұпай жинаған Франция өз тобында бірінші келеді. Украина (3) екінші. Финляндия (2) - үшінші, ал Босния (1) және Қазақстан (1) сәйкесінше төртінші және бесінші орында. 

Жарнама

Живи спортом!