Братиславалық "Слован" және батумилік "Динамо" Чемпиондар лигасында тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz. "Тобылдың" ықтимал қарсыластары бұл ойында бірде-бір гол салмады.
Братислвада өткен кездесуде сегіз сары қағаз түрінде ескерту жасалды: батумилік клубтың қорғаушысы Мамука Кобахидзе бірінші таймда алаңнан қуылды. Енді командалар жеңімпазды 13 шілдеде анықтайды.
Осы күні "Тобыл" мен венгриялық "Ференцварош" та қарымта өткізеді, Қостанайда өткен бірінші матч тең аяқталды.