Футбол
14 шілде 2022 05:53

"Тобылдан" да мықты қарсылас болады". Черчесов ЧЛ жайлы

©Reuters

"Ференцварош" бас бапкері Станислав Черчесов "Тобылмен" өткен қарымта ойыннан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Біз матчтың алғашқы минуттарынан кездесу соңына дейін дәл осындай мәнерде ойнағымыз келді. Футболшылар жоғары қарқынды жақсы ұстады. Ірі есеппен жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Міндетті түрде соңғы матчқа арнап сараптама жасаймыз. "Тобыл" біздің жолымыздағы ең мықты қарсылас деп айта алмаймын. Сондықтан алдағы уақытта бұдан да жақсы ойнауымыз керек", - дейді ресейлік маман.

Еске салайық, апта бұрын Қостанайда "Тобыл" мен "Ференцварош" 0:0 есебімен тең түссе, қарымта кездесуде венгриялық команда 5:1 есебімен жеңіске жетті. 

Енді турнирдің екінші раундында Черчесов шәкірттері экстра таймда Батумидің "Динамосын" 2:1 есебімен ұтқан Словакияның "Слованымен" кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport