"Тобыл" шабуылшысы мансабын ЦСКА клубында жалғастыруы мүмкін
Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, қостанайлық "Тобыл" мен Грузия құрамасының шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе мансабын болгариялық ЦСКА клубында жалғастыруы мүмкін.
Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, қостанайлық "Тобыл" мен Грузия құрамасының шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе мансабын болгариялық ЦСКА клубында жалғастыруы мүмкін.
29 жастағы шабуылшыны шақыруға болгариялық клубтың бас бапкері Стойчо Младенов қызығушылық танытып отыр. Младенов бұған дейін Лобжанидземен бірге "Қайсарда" бірге жұмыс істеген еді. 2020 жылғы маусымда грузин шабуылшысы қызылордалық клуб сапында 12 матч өткізіп, 7 гол соқты.
Еске салайық, маусымның қорытындысы бойынша қостанайлық клубпен бірге Элгуджа Лобжанидзе Қазақстан чемпионы атанды. Ұзын бойлы шабуылшы 22 матчқа қатысып, төрт гол соқты және үш нәтижелі пас берді.
Жарнама