"Тобыл" Қазақстан чемпионатында "Атырау" командасын ұтты

Футболдан Қазақстан біріншілігінде чемпиондыққа талас жүргізіп жатқан қостанайлық "Тобыл" 22-турда "Атырау" командасын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Футболдан Қазақстан біріншілігінде чемпиондыққа талас жүргізіп жатқан қостанайлық "Тобыл" 22-турда "Атырау" командасын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Атырау қаласында өткен кездесу 1:0 есебімен қостанайлық команданың пайдасына аяқталды. Ойындағы жалғыз голды 18-минутта Алекса Аманович соқты.
Бұл жеңістен кейін "Тобыл" елордалық "Астана" командасынан бір ұпай қалып, екінші орынға жайғасты.
Жарнама