Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан кубогінің бесінші турында "Тараздан" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қостанайда өткен кездесу 3:5 есебімен аяқталды. 18-минуттан бастап алаң иелерінде екі гол басымдығы болды, Игорь Сергеев дубль жасады (9 және 18-минут).
Алайда "Тараз" үзіліске дейін-ақ есепті теңестірді. Алдымен 23-минутта Абылайхан Жұмабек, ал 11 минуттан кейін Марат Шахметов гол салды.
Екінші тайм басында "Тобыл" сапынан Айбар Жақсылықов (53-минут) командасын алға шығарды. Алайда Жұмабек 62-минутта есепті қайта теңестірді.
Одан кейін Жұмабек покер жасап (82 және 88-минут) "Таразға" жеңіс сыйлады.
Осылайша, "Тобыл" үш ұпаймен топта соңғы болып қалды да, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. Ал "Тараз" (11) ол кезеңге бірінші орыннан шығады.
Айта кетейік, 11 тамызда "Тобыл" Конференция лигасы іріктеуінің үшінші туры аясында "Зриньски" клубымен қарымта өткізеді. Бірінші ойында босниялықтар ұтты - 1:0.