Қостанайлық "Тобыл" өз стадионына жанкүйерлердің жиналуы көрсеткіші бойынша рекорд орнатты, деп жазады KazFootball.kz порталы.
Бұл рекорд "Ференцварошқа" қарсы Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің бірінші ойынында тіркелді. Қостанайдағы ойынға 8 420 жанкүйер келген екен.
Бұған дейін рекорд 2009 жылы тіркелген болатын. Ол кезде түркиялық "Галатасарай" командасына қарсы өткен ойынды 8 320 көрермен тамашалған болатын.
Ал ойынның өзі 0:0 есебімен аяқталды. Жауапты кездесу 13 шілде күні Будапешт қаласында болады.