Футбол
6 желтоқсан 2019 12:14

Темірден жасалған. ҚПЛ-2019 маусымын алмастырылмай ойнап шыққан рекордсмендер

© "Шахтер" ФК
Ұлттық чемпионатты ойын алаңында үзіліссіз өткеретін футбошылар кемде-кем. Дегенмен мұндай ойышылар бар және бір клубта өнер көрсетеді. Бұл туралы Vesti.kz материкалынан оқыңыздар.

Нақты айтсақ мұндай ойыншы екеу - қарағандылық "Шахтердің" қақпашысы Игорь Шацкий мен оның командаласы Артем Барановский. Әрқайысы алмастырылмай премьер-лиганың 33 матчін толық ойнап, алаңда 2970 минут өткізді.

30 жастағы Шацкий командада қалуы мүмкін, өйткені оның аяқталған келісімшартын тағы бір маусымға соза алады. Ал 29 жастағы украиналық қорғаушы қарағандылықтар сапынан кетіп қалған.

Сонымен бірге, ұзақ уақыт ойнаған футболшылар тізіміне "Шахтердің" хорватиялық легионері Иван Пешич (2900 минут ойнаған), "Ерістің" мажарлық хавбегі Патрик Хиди (2899) және "Ақтөбенің" азаматтық алған ресейлік қорғаушысы Виталий Волков (2873) кіреді.

Айта кетейік, Пешич те "кеншілер" сапынан кетіп қалды.