Футболдан Қазақстан чемпионатының сегізінші турында "Тараз" өз алаңында "Ақтөбені" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жамбыл облысының орталығында өткен ойын 3:0 есебімен аяқталды. Матчтың 40-минутында Жақып Қожамберді есеп ашса, үзілістен кейін Абылайхан Жұмабек (52, 60 минут) дубль авторы атанды.
Осы жеңістен кейін "Тараз" 14 ұпаймен турнир кестесінде үздік үштікке ілікті.