"Тараздың" жартылай қорғаушысы Педро Эуженионың "Тұран" қақпасына салған голы футболдан Қазақстанның OLIMPBET чемпионатының бесінші турындағы ең үздік гол деп танылды. Дауыс беру Vesti.kz порталының телеграм арнасында өтті.
"Тараздың" португалиялық хавбегі "Тұранмен" ойында жалғыз гол салды. Эуженио осымен үшінші матчте қатар гол салып отыр. Дауыс беру қорытындысы бойынша ол 42 пайыз дауыс жинады.
Екінші орында "Астанадағы" Абат Айымбетов пен "Қайрат" сапындағы Денис Поляков - екеуі де 20 пайыздан. "Тобылдағы" Тони Силва он пайыз жинады, ал "Астанадағы" Марин Томасов сегіз пайыз.