Бүгін Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін босатты. "Дядя Ваня" телеграм арнасы ресейлік жаттықтырушының қанша табысқа кенелгені жайлы жазды.
Станислав Черчесов 2024 жылдың маусым айында тағайындалып, Қазақстан құрамасын 7 ай 24 күн жаттықтырды.
"Егер бейресми ақпаратқа сенсек, Черчесов Қазақстанда осы уақыт аралығында 779 992 еуро тапқан (әр гол үшін 51 999 еуро). Сонымен қатар, оның келісімшарты "2+2" жүйесі бойынша жасалған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзғаны үшін ҚФФ (Қазақстан футбол федерациясы) бапкерге 1 миллион еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс. Себебі келісімді Черчесов бұзбаған болуы керек", – делінген ақпаратта.
Черчесовтің статистикасы:
0 жеңіс
1 тең ойын
5 жеңіліс
0 гол