"Ференцварош" бас бапкері Станислав Черчесов Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу айналымында "Тобылмен" өткен ойыннан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қостанайдағы алғашқы матч 0:0 есебімен аяқталды.
"Өзіміз күткендей ойын оңай болған жоқ. Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Алайда таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Мүмкіндік екі жақта да болды. Біздің командада қиындықтар болғаны рас. Бірақ ол туралы біз өз ішімізде талқыға саламыз", - деді Черчесов.
Еске салайық, қарымта ойын шілде айының 14 жұлдызы Венгрия астанасы Будапештте болады.