Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Самат Самқов ұлттық команданың Арменияға қарсы матчіне қатысты ойын айтты.
Еревандағы жолдастық кездесу бүгін, 7 маусымда өтеді.
"Армения мен Қазақстан ойыны - бұл теңдей екі команданың матчі. Айырмашылық тек, қателеспесем, Армения құрамасының басым көпшілігі шетелдік клубтарда ойнайды. Біздің құрамаға қатысты айтсам, алдағы ойын бірінші кезекте бапкерлердің жаңа штабы үшін ойланарлық дүние болады", - дейді Смақов.