Словениямен матчтен кейін Қазақстанның ФИФА рейтингінде орны ауысты

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Словениядан ұтылғаннан кейін әлемдік рейтингте бір саты төмендеді.
Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Словениядан ұтылғаннан кейін әлемдік рейтингте бір саты төмендеді.
Football-ranking.com порталының мәліметінше, Станислав Черчесов жаттықтыратын команда 109-орынға түсті.
Бұған дейін Қазақстан Ұлттар лигасы топтық кезеңінің бірінші турында Норвегиямен тең түсті (0:0), ал екінші турда Словениядан 3:0 есебімен ұтылды.
Рейтингтің көшбасында Америка кубогінің жеңімпазы Аргентина тұр. Екінші Франция және, Еуропа чемпионы атанған Испания үшінші орында.
Жарнама