Футбол
11 маусым 2022 00:53

Словакия құрамасының белді ойыншысы Қазақстанға қарсы кездесуге қатыспайды

©xsport.ua

Словакия құрамасының жартылай қорғаушысы Владимир Вайсс Ұлттар лигасы Қазақстан құрамасына қарсы кездесуге қатыспайды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Вайсс Әзірбайжан құрамасына қарсы өткен кездесуде (0:1) сары қағаз алып қалды. Бұл жартылай қорғаушы үшін биылғы Ұлттар лигасындағы екінші сары қағаз. Сол себепті, Владимир Вайс 13 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанға қарсы екінші кездесуге қатыспайды. 

Еске салайық, Қазақстан мен Словакия арасындағы бірінші кездесу 6 маусым күні Трнава қаласында өтіп, 1:0 есебімен біздің пайдамызға аяқталды. Ойындағы жалғыз голды Асылан Дарабаев соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport