Шотландиялық "Рейнджерс" Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі алты матчтің бәрінде ұтылып, салған және өткізіп алған голдар айырмашығы бойынша ең нашар көрсеткішпен антирекорд орнатты "-20" (2:22). Бұл туралы "Чемпионат" хабарлап отыр.
Бұдан бұрынғы антирекордты 2011/12 жылы загребтік "Динамо" жасаған. Хорватиялық клуб ол кезде 22 гол өткізіп алып, алайда, бір доп артық салған екен - үш гол. Осылайша, "-19" айырмасын көрсеткен болатын.