"Рома" және Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Элдор Шомуродов Қазақстанға қарсы жолдастық кездесу туралы ойымен бөлісті, деп жазады Sports.uz. Сонымен қатар, ол Бахтиер Зайнутдиновпен достығы туралы айтты.
- 16 қараша күні Қазақстанға қарсы, содан соң Ресеймен кездесу. Қай ойын маңыздырақ?
- Біріншіден, бізді қызық ойындар күтіп тұр. Біз алаңға әрқашан жеңіске жету үшін шығамыз. Маған екі ойын да маңызды.
- "Ростов" сапындағы бұрынғы командаласыңыз Бахтиер Зайнутдиновпен қарым-қатынасыңыз қалай?
- Ол менің жақын достарымның бірі. Жиі-жиі хат алмасып тұрамыз. Сол үшін ертеңгі ойынды асыға күтіп отырмын.
- Ертеңге Қазақстанға қарсы кездесуді ресейлік Сергей Карасев қазылық етеді. Бұл төреші туралы не айта аласыз?
- Бастысы, төреші ертең алаңда дұрыс шешім қабылдаса болды.