Кеше, 12 қаңтарда "Барселона" Испания суперкубогінің 1/2 финалында "Бетисті" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнирді қабылдаған Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядтағы "Кинг Фахд" стадионында өткен ойын пенальти сериясымен аяқталды - 4:2. Негізгі және қосымша уақытта есеп тең болды - 2:2.
16 қаңтарда "Реал" мен "Барселона" финалда кездеседі. Мадридтік клуб жартылай финалда "Валенсияны" ұтқан еді (1:1 - 4:3 пенальти сериясы).