Шешім қабылданды. Месси ПСЖ-дағы болашағына қатысты бір тоқтамға келді
Лионель Месси ПСЖ-мен келісімшартын ұзартпайтын болды және осы маусымда Париждік клубтан кетеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл ақпаратты журналист Фабрицио Романо Twitter желісінде растады.
Лионель Месси ПСЖ-мен келісімшартын ұзартпайтын болды және осы маусымда Париждік клубтан кетеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл ақпаратты журналист Фабрицио Романо Twitter желісінде растады.
Мұның алдында ПСЖ басшылығы 35 жастағы аргентиналықпен келісіді ұзартқысы келгені белгілі еді. Алайда тараптар келісімге келе алмапты, енді Месси "Барселонаға" оралады немесе карьерасын Сауд Арабиясында жалғастырады.
ПСЖ-мен Франция чемпионы болған Месси трофейлер саны бойынша Дани Алвеспен теңесті. Қазіргі таңда трофей санын 43-ке жеткізген аргентиналық алда бразилиялық ойыншының рекордынан асып түсуі ықтимал.
Жарнама