Шавкат Рахмонов футбол командасына қосылды

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов "Ақсу" футбол клубында қонақта болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов "Ақсу" футбол клубында қонақта болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Клуб оған 17-нөмірлі футболканы сыйға атртты, Шавкаттың MMA-дегі рекордына (17-0) меңзеу болса керек.
"Бүгін біздің қалаға UFC-дің белгілі файтері Шавкат Рахмонов келді. Спортшының сапары кезінде біз оны клубымызбен таныстырдық, енді ол біздің команданың бір бөлшегі. Отандасымыздың жетістігін мақтан тұтамыз және алдағы айқастарында сәттілік тілейміз", - деп жазыпты павлодарлық клубтың баспасөз қызметі.
Жарнама