Серхио Рамос "Севилья" командасынан кетті

©Instagram/sergioramos

38 жастағы орталық қорғаушы Серхио Рамос "Севилья" командасы сапынан кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. 

"Севилья" командасы Серхио Рамостың өз ісіне адалдығы, көшбасшылығы мен асқан жауапкершілігі үшін алғыс білдіреді, келесі спорттық мансабында сәттілік тілейміз, - делінген ресми хабарламада. 
Серхио Рамос өзі ойнаған "Севильяға" өткен жазда ауысып келген еді. Барлық жарысты қоса алғанда 37 матчқа қатысып, 7 гол соқты. Transfermarkt ақпараты бойынша футболшының трансферлік құны 2,5 миллион еуроны құрайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар