Футбол
9 наурыз 2022 16:43

Сергей Клещенко Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысуына қатысты пікір білдірді

©moldova.sports.md

Молдова құрамасының бас бапкері Сергей Клещенко Қазақстан құрамасының бапкерлік штабындағы өзгеріске қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Андрей Карпович өз елінің құрамасында бірнеше жыл ойнап, тіпті капитаны да болған. Біздің бапкерлік штабқа қарсылас туралы ақпаратты қайта жинау керек. Әрине, Карпович командаға келе салысымен аса қатты өзгеріс жасай қоймас. Дегенімен, біз өз дайындымығымызды жоғары деңгейде өткізуді жалғастыруымыз тиіс", - дейді Клещенко.

Еске салайық, Қазақстан мен Молдова командалары С Лигасында қалу үшін өтпелі ойындар өткізеді. Бірінші ойын Кишиневте 24 наурыз күні өтсе, қарымта матч елордада 29 наурызға жоспарланған.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport