Сердар Азмун Франция чемпионатына ауысуы мүмкін
"Зенит" шабуылшысы Сердар Азмун Франция чемпионатына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Foot Mercato басылымына сілтеме жасап.
"Зенит" шабуылшысы Сердар Азмун Франция чемпионатына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Foot Mercato басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, "Лион" клубының өкілдері Иран құрамасының ойыншысымен келіссөздер жүргізіп жатыр. "Зенит" басшылары болса Азмунды 20 млн еуроға бағалап отыр. Қос тарап ортақ мәмілеге келген жағдайда ойыншы жазғы трансферлік маусымда "Лион" жейдесін киюі мүмкін. Лионнан бөлек "Наполи", "Лацио", "Рома", "Фенербахче", "Вильярреал", "Байер" және "Интер" командалары қызығушылық танытқан.
Сердар 2021/22 жылғы Ресей чемпионатының бес кездесуінде төрт гол соғып, бір мәрте голдық пас берген.
Жарнама