Сенегалды тас-тас талқан еткен Англия ширек финалға өтті

Англия құрамасы Катардағы әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Англия құрамасы Катардағы әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/8 кезеңіндегі матчте ағылшындар Сенегал құрамасымен ойнады. 38-минутта Джордан Хендерсон есеп ашты. Бірінші таймға қосылған үш минутта Харри Кейн көзге түсті. Ал 57-минутта Букайо Сака матч есебіне нүкте қойды.
Осылайша, 1/4 финалда Англия мен Франция құрамалары ойнайтын болды. Бұл кездесу 11 желтоқсанда өтеді.
Жарнама