Кездесу 4:4 есебімен тең аяқталды. "Базель" сапында Кемаль Адеми (7 минут, 67 минут) дубль авторы атанса, Фабиан Фрай (10 минут) және Артур Кабрал (90+3 минут) бір-бір голдан соқты. Ал "Лугано" командасынан Санди Ловрич (6 минут), Жефферсон (41 минут), Акош Кечкеш (45 минут) және Кристофер Люнгойи (79 минут) көзге түсті.
28 жастағы Янга алаңға 62 минутта шығып, Люнгойиға бір нәтижелі пас берді.
Бұл ойыннан кейін "Лугано" 41 ұпай жинап, 10 команданың ішінде 7 орынға жайғасты. "Базель" болса 60 ұпаймен үшінші орында.
Янга ақпан айында "Луганоға" жалға берілген еді. Содан бері ол 11 кездесуге қатысып, бір гол соқты. Швейцариялық клуб сапында шабуылшы 4 тамызға дейін болады. "Астана" клубымен оның 2022 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарты бар.