Қазақстан құрамасының экс-капитаны Самат Смақов 2023 жылғы маусымда қайта жанданған "Елімайдың" бас бапкері бола алмайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған Смақовта cемейлік клуб өнер көрсететін бірінші лига ережесі бойынша талап етілетін PRO санатының жоқтығы себеп.
Бас бапкер клуб штабында жұмыс істейтін "Жетісу" мен "Жеңістің" экс-бас бапкері Ринат Әлеуетов болады.
Еске салайық, былтыр қазан айында "Елімайдың" бас бапкері болып Самат Смақов тағайындалған еді.
Бұған дейінгі "Елімай" үш рет Қазақстан чемпионы атанды (1994, 1995, 1998). Сонымен бірге, 1995 жылы семейлік клуб ел кубогын жеңіп алған.