"Ливерпуль" шабуылшысы Мохамед Салах жазғы трансферлік кезеңде англиялық клубтан кетіп, карьерасын саудиялық "Әл-Иттихад" командасында жалғастыруы мүмкін, деп жазады Vesti.kz.
The Athletic мәліметінше, саудиялықтар Салах үшін 200 миллион фунт (234 миллиондай еуро) төлеуге дайын. Осылайша, "Ливерпуль" Салахтың трансферімен әлемдік рекорд орнатуы ықтимал.
Осы уақытқа дейін әлемдегі ең қымбат трансфер 2017 жылы бразилиялық Неймардың "Барселонадан" 222 миллион еуроға "Пари-Сен-Жерменге" ауысуы болатын.
Салахтың "Ливерпульмен" келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін есептелген, ал Transfermarkt мысырлық ойыншының нарықтық құнын 65 миллион еуроға бағалауда.