Садио Мане ӘЧ-нан шығып қалған Сенегал құрамасына жазба қалдырды
Мюнхендік "Бавария" мен Сенегал құрамасының шабуылшысы Садио Мане командасының әлем чемпионатынан шығып қалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Мюнхендік "Бавария" мен Сенегал құрамасының шабуылшысы Садио Мане командасының әлем чемпионатынан шығып қалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Құрметті ағайындар, сіздер осы мундиальда барын салып ойнадыңыздар. Біздің халық сіздермен мақтанады. Жанкүйерлеріміздің нағыз батырларына айналдыңыздар. Біз команда болып әлі де талай белестерді бағындыруға тырысамыз. Иншаллах!", - деп жазды Мане инстаграм парақшасында.
Еске салайық, Мане жарақатына байланысты Қатардағы әлем біріншілігінде алаңға шыға алмады. Ал Сенегал құрамасы 1/8 финалда Англияға 3:0 есебімен есе жіберіп, жарыстан шығып қалды.
Жарнама