Командалар премьер-лиганың 19-шы туры аясында Мәскуде кездесіп, ойын алаң қонақтарының пайдасына 4:1 есебімен аяқталды. Ол ойында Зайнутдинов ростовтықтар үшін бірінші және соңғы голды салып, дубль жасады. Қазақстандық футболшы 4,9 ұпай жинады.
Ресей чемпионатында "Ростов" қысқы үзіліске 34 ұпаймен үшінші орында шықты.