Роналдуға Чемпиондар лигасында өнер көрсететін клуб ұсыныс жасады

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду карьерасын Еуропалық клубта жалғастыра алады. Бұл туралы катарлық инсайдер Мохаммед Әл-Кааби жазды.
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду карьерасын Еуропалық клубта жалғастыра алады. Бұл туралы катарлық инсайдер Мохаммед Әл-Кааби жазды.
Чемпиондар лигасында өнер көрсететін еуропалық командадан ұсыныс түскеннен кейін футболшының агенті Жорже Мендеш "Әл-Наср" клубымен келіссөзді тоқтатыпты. Алайда ол нақты қай команда екені айтылмай отыр.
Мұның алдында Роналду мол қаржы ұсынған Сауд Арабиясы чемпионатына ауысуға жақын екені хабарлаған болатын.
Жарнама