"Палмейрас" клубының 22 жастағы жартылай қорғаушысы Габриэль Менино Dsport басылмына берген сұхбатында әйгілі Криштиану Роналдудың диетасын ұстанамын деп қандай күйге ұшырағанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Салмағым жақсы болатын, бірақ өзгергім келді. "Палмейрас" диетологы Миртес Станканеллимен сөйлесіп, Криштиану Роналдудың диетасын ұстанамын дедім.
Осыны қолға алдым, ал келесі күні менің позициямдағы екі ойыншы да жарақат алып қалды. Енді алаңға кім шығады? Мен!
Диета мынандай болатын: таңғы асқа жұмыртқа мен ас қоспалары. Жаттығу алдында да түрлі қоспалар. Түскі асқа балық пен салат. Бесін шайға тағы да қоспалар. Кешкі асқа тағы балық пен салат. Жатар алдында тағы да қоспа.
Жаттығудан кейін мен жүгіре де алмай қалдым. Мен ойадым: "Қазір өліп қаламын" деп. Бес минут ойнағаннан кейін жүгіруге мұрша болмады. Роналду мұны қалай жасайтынын түсінбедім", - дейді Менино.