Футбол
5 сәуір 2023 10:11
 

Роналдудікі ойнамай қалды. Саудиялық клуб Мессиге ғаламат ақы ұсынды

  Пікірлер

blog.share

Роналдудікі ойнамай қалды. Саудиялық клуб Мессиге ғаламат ақы ұсынды ©ESPN

Сауд Арабиясының "Әл-Хиләл" клубы Лионель Мессиге ресми түрде ұсыныс жасады. Бұл туралы журналист әрі белгілі инсайдер Фабрицио Романо мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Сауд Арабиясының "Әл-Хиләл" клубы Лионель Мессиге ресми түрде ұсыныс жасады. Бұл туралы журналист әрі белгілі инсайдер Фабрицио Романо мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәлімет бойынша, Мессиге жылына 400 миллион еуро еңбекақы ұсынылды. Дегенмен Лионель карьерасын Еуропада жалғастырғысы келеді. 

Фабрицио Романоның сөзінше, Месси ПСЖ-ның келісімшартты ұзарту бойынша ұсынысынан да бас тартқан екен. Ал қазіргі таңдағы келісімшарт 2023 жылдың жазында аяқталады. 

Еске салайық, аргентиналық шабуылшы "Барселонаға" қайтып оралады деген қауесеттер тыйылар емес. Бұл тақырып испаниялық БАҚ-та жиі айтылуда. Алайда каталондық клубтың өзі форвардқа ешқандай ұсыныс жасамады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!