Роналду "Реалға" өткен Мабппеге үн қатты

©Fanatico.Ru

Саудиялық "Әл-Наср" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду мадридтік "Реал" сапына өткен Килиан Мбаппеге үн қатты, деп жазады Vesti.kz.

3 мамырда "Реал" еркін агент ретінде келген Мабппемен келісімшартқа отырғанын ресми хабарлады. Франциялық футболшының өзі мадридтік команда атрибутикасымен түскен бала кездегі суретін жариялады. Олардың бірінде ол Роналдумен бірге тұр. 

"Менің кезегім келді (сенің ойыныңды тамашалуға). "Сантьяго Бернабеу" алаңында жарқ ете түсуіңді тағатсыздана күтемін. Мадрид жасасын", - деп жазыпты Криштиану жариялым астына. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар