Футбол
9 сәуір 09:42
 

Роналду қорқытулардан кейін белгілі оққағарды жалдады

  Пікірлер

blog.share

Роналду қорқытулардан кейін белгілі оққағарды жалдады ©facebook.com/Cristiano/

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду отбасы мүшелері алаңдатарлық хабарламалар ала бастағанан кейін қауіпсіздік шарасын күшейтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду отбасы мүшелері алаңдатарлық хабарламалар ала бастағанан кейін қауіпсіздік шарасын күшейтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған Goal мәліметі бойынша, португалиялық футболшы бұрынғы күзетті жұмыстан босатып, олардың орнына жаңа мамандарды алған. 

Енді Роналдудың отбасының қауіпсіздігіне тәжірибесі мол кәсіпқой Клаудио Мигель Вас жауапты болады. 

Қауіпсіздік қызметінің жаңа басшысы қорғанысты қатаң жүргізеді екен. Жуырда Париждегі сән аптасында ол папарацилерге Джорджина Родригесті суретке түсіруге мұрсат бермепті. Оның бұл әрекеті екұдай пікірлер тудырды. 


Еске салайық, 40 жастағы Роналду саудиялық "Әл-Наср" сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Сонымен қатар, ол карьерасында "Спортинг", англиялық "Манчестер Юнайтед", испаниялық "Реал" және италиялық "Ювентусте" ойнаған.

Клаудио Мигель Вас қауіпті аудандарда жұмысымен танымал болған 

Клаудио Мигель Вас. Бұрын ол  "Олимпиакостағы" Желсон Мартинс және "Миландағы" Рафаэль Леаоны қорғаған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!