Роналду гол cалғанымен "МЮ" Чемпиондар лигасындағы бірінші матчте ұтылды

Чемпиондар лигасында топтық кезеңнің ойындары басталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Чемпиондар лигасында топтық кезеңнің ойындары басталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
А тобында "Манчестер Юнайтед" сырт алаңда "Янг Бойздан" 1:2 есебімен ұтылды. 13-минутта Криштиану Роналду англиялық клубты алға шығарды. Алайда 35-минутта Арон Ван-Биссака алаңнан қуылып, қонақтар азшылықта қалды.
"Янг Бойз" 66-минутта есепті теңестірді. Гол авторы Муми Нгамале. Ал негізгі таймға қосылған уақыттың бесінші минутында Жордан Сибачо шешуші голды салды. Роналдуды 72-минутта Джесси Лингарда алмастырды.
G тобында 1:1 есебімен "Севилья" мен "Зальцбург" тең түсті. Матч Испанияда өтті. Екі гол да бірінші таймда пенальтиден салынды. 21-минутта Луки Сучича, 42-де Иван Ракитич.
Еске салайық, өткен Чемпиондар лигасының жеңімпазы лондондық "Челси".
Жарнама