"Алтын допты" бес рет иеленген португалиялық футболшы Криштиану Роналду испаниялық "Барселонаға" ауысу мүмкіндігі жайлы оқиғаны айтып берді.
"Лиссабондық "Спортинг" үшін ойнап жүрген уақытта менде "Барселона" сапына өтуіме мүмкінік болды. Олар мені сапына қосқысы келді. Олай болмады, өйткені олар менімен келісімшарт жасап, келесі жылы бірақ алып кетпек болды. Ал "Манчестер Юнайтед" мені бірден алып кетті", - деп береді Роналдудың сөзін La Sexta.
2023 жылдан бері Роналду саудиялық "Әл-Наср" сапында өнер көрсетіп жүр.