Футбол
17 ақпан 10:39
 

Роналдо "Реалдағы" ең нашар ойыншыны атады

  Пікірлер

blog.share

Роналдо "Реалдағы" ең нашар ойыншыны атады ©futbik.com

Бразилиялық атақты футболшы Роналдо карьерасында көптеген әлемдік жұлдыздармен ойнады. Атақты форвард мадридтік "Реалдағы" ең нашар командаласы кім болғанын айтты, деп жазады Vesti.kz

blog.share

Бразилиялық атақты футболшы Роналдо карьерасында көптеген әлемдік жұлдыздармен ойнады. Атақты форвард мадридтік "Реалдағы" ең нашар командаласы кім болғанын айтты, деп жазады Vesti.kz

48 жастағы Роналдо өзінің отандасы Ромариоға сұхбаты кезінде 2005/06 жылғы маусымда "Реалда" ойнаған даниялық жартылай қорғаушы Томас Гравесенді есіне алды. Бразилиялықтың сөзінше, Гравесен тамаша адам болатын, бірақ, оның футболдағы дағдысы өте нашар болыпты. 

"Томас Гравесен. Даниялық жартылай қорғаушы. Ол шынымен тамаша адам болатын. Жуырда покерден турнирде жеңіп шығыпты. Бірақ ол футболды өте нашар ойнайтын", - дейді Роналдо. 

Гравесен мдридтік клуб үшін 49 матч өткізіп, бір ғана гол салған. 

2008 жылы ол карьерасын аяқтап, аяқ-астынан мүлде күтпеген кәсіп таңдаған екен - ол Лас-Вегасқа көшіп покер ойынымен кәсіби түрде шұғылдана бастаған. Түрлі сыбыстар бойынша, ол осы арқылы 80 миллион фунт табыс тауыпты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!