"Реал" мен Барселонаның" бұрынғы шабулышысы Роналдо биыл "Алтын допқа" Месси лайықты ма деген сұраққа жауап берді. Аргентиналық шабуылшы құрамасымен 2022 жылғы ӘЧ-де жеңіп шықты да, турнирдің ең мықты ойыншысы атанды.
"Месси бұл жүлдені спорттық қағидамен алу керек. Аргентина әлем чемпионатында ұтты - бұл барлық футболшылар мен жанкүйерлер үшін басты турнир. Лео муниальда тамаша өнер көрсетті, команда көшбасшысы болды, финалда гол салды. Менде "Алтын доп" жеңімпазы кім боларына қатысты қатысты күмән жоқ", - деп береді Роналдоның сөзін Football Espana.