Роберт Левандовски әлем чемпионатында алғаш рет гол салды

Польша құрамасы Қатардағы футбол тойының екінші турында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Польша құрамасы Қатардағы футбол тойының екінші турында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Әр-Райан қаласының "Эдьюкейшн Сити" стадионында Польша мен Сауд Арабиясы кездесіп, еуропалық команда 2:0 есебімен жеңіске жетті. Чеслав Михневич ойыншыларының сапында 39-минутта Петр Зелиньски есеп ашса, Роберт Левандовски 82-минутта есепті еселеді. Осылайша, "Барселона" шабуылшысы спорттық карьерасында алғаш рет әлем біріншілігінде гол соқты.
Екінші турдан кейін поляктар 3 ұпай еншілеп, С тобында 4 ұпаймен көш басына шықты. Сауд Арабиясы құрамасы 3 ұпаймен екінші орында қалды. Ал Мексика мен Аргентина екінші тур кездесуін бүгін түнгі сағат 01:00-де өткізеді.
Жарнама