Мәскеулік "Спартак" футбол клубының бұрынғы бапкері Валерий Гладилин Қазақстан құрамасын жаттықтырып жүрген Станислав Черчесовке қатысты пікірін білдірді, деп жазады Sovsport.ru.
Черчесовтің жетешілігімен қазақстандық команда Ұлттар лигасында төрт ойны өткізді. Норвегиямен тең ойыннан кейін (0:0), ұлттық құрамамыз үш ойын қатар ұтылып отыр - Словениядан (0:3 және 0:1) және Аустриядан (0:4).
"Черчесов жақсы командаға барды: Қазақстан Адиевтің кезінде жақсы нәтиже көрсеткен, құраманың негізгі құрамы бар. Ол ойсырап жатқан жерге емес, қалыптасқан командаға барды. Демек нәтиже болмаса - бір жерде қателіктер бар, ал бапкерді тек нәтижемен бағалайды. Қазір олар қанағаттанарлық емес. Қазақстан Аустрия, Словения немесе Норвегиядан деңгейі төмен деуге болмайды. Адиевтің кезінде Қазақстан аталған елдермен деңгейлес командалармен жақсы ойнаған", - дейді Гладилин.