Нидерландылық шабуылшы Рай Клуб ресейлік "Урал" командасымен келісімшарт жасады. Келісімшарт 2,5 жылға жоспарланған. Ол жаңа командасы сапында 20 нөмірмен өнер көрсететін болады, деп хабарлайды ресейлік клубтың баспасөз қызметі.
Влут - ПСВ командасының тәлімгері. Ол 2011 жылы эйндховендік команданың жастар құрамында өнер көрсетті. Ал келесі жылы Нидерланды құрамасымен жастар арасындағы Еуропа чемпионатында топ жарды.
ПСВ негізгі құрамындағы алғашқы кездесуін ол 2014 жылдың тамызында өткізді. Кейін мәскеулік "Динамоға" қарсы Еупопа лигасындағы алғашқы кездесуіне қатысты. Влут ПСВ командасымен 2015 және 2016 жылдары Нидерландының Суперкуогін жеңіп алды. Одан соң шабуылшы Швейцария, Италия және Бельгия елдерінде ойнады.
2020 жылы Влут отанына оралып, "Эксельсиор" мен "Хераклес" командаларының намысын қорғады. Ал 2022 жылдың наурыз айында ол еркін агент ретінде "Астанаға" ауысты. Шабуылшы ҚПЛ-де 14 кездесуге қатысып, бес гол соқты.
Transfermarkt порталы клуб бұл шабуылшыны 250 мың еуроға сатып алғанын жазады!