Футбол
7 сәуір 2021 14:34

Ресейлік клуб Қазақстан құрамасының ойыншысына қатысты жоспарын ашып айтты

Сурет: kc-camapa.ru

"Крылья Советов" клубы бас директорының орынбасары Дмитрий Галямин ФАН басылымына берген сұхбатында қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов ресейлік клубқа әлі де қажет болатынын айтады. Қазіргі таңда ол "Астана" командасында жалға алу құқымен ойнап жүр. 

- Қазіргі футболшылардың кейбірі командадан кеткен жағдайда, жаңа ойыншылар әлі де қажет болуы мүмкін бе? Бірінші кезекте ол Сергеев, Зиньков, Голенков. 

- Өздеріңіз де білесіздер, ондай ойыншыларға сұраныс үлкен, ал Галенков "Ростовпен" келісімшарт жасап қойды. Олар қыста кете алатын еді. Сондықтан олардың орнын басатын футболшылар табуға міндетті едік. Көшбасшыларды сақтап қала алғанымыз жақсы, бірақ, олар жазда да кетуі мүмкін. Сондықтан қысқы трансферде сапқа қосқан ойыншылар әлі қажет болады. Ол мықты әрі болашағы бар футболшылар. Мәселен, Айымбетов - Қазақстан құрамасындағы жаман емес ойыншы. Бұл бірдеңе білдіретін болар? Қазір ол жалға алу құқымен ойнап жүр, бірақ, ол әлі де біздің клубта.