"Спорт день за днем" порталы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің "Зениттегі" ойынына бағасын берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Нұралы Әліп "Зенитке" дер кезінде ауысқан. Әлемде болып жатқан белгілі жағдайлардан кейін Ярослав Ракицкий клубтан кеткелі, оның орны ойсырап қалды. Әзірге сол қапталдағы қорғаушының рөлін Дуглас Сантос атқарып келеді. Алайда қазақ қорғаушыға алдағы уақытта әлі де мүмкіндік беріледі. Оның үстіне Әліп пен "Зениттің" келісімшарты 2022 жылдың желтоқсанына дейін жасалған", - жазады басылым.
Еске салайық, Нұралы Әліп ресейлік команда сапында алаңға үш рет шықты.