Еске салайық, "Қайрат" басшысы Қайрат Боранбаев Қуат пен Исламханның командадан кеткені жайлы мәлімдеген. Келісім бойынша, футболшылар қазақстандық өзге клубтарға бара алмайды.
"Қуат пен Исламханға РПЛ турнирлік кестесінде бесінші орыннан төмен командаларда ойнауына әбден болады. Ресей чемпионаты ғарыштық деңгейде емес, сондықтан жігіттер РПЛ ойыншылары бола алады.
Исламхан "Локомотивте"? Қазіргі таңда "Локо" сапында Исламханнан кем емес футболшылар жарқырап жүр", - дейді Ловчев.
Мұның алдында, Куат "Оренбург", ал Исламхан "Локомотив" сапына өтуі мүмкін екені айтылған.