Ресей футбол одағы Азия аймағына ауысуы мүмкін
Ресей футбол одағы Азия аймағына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ресей футбол одағы Азия аймағына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) отырысы осы аптада Катар астанасы Дохада өтеді. Күн тәртібінде Ресей футбол одағының тағдыры талқыға түспек. Аталмыш конгресс әлем чемпионатын қабылдайтын елде өтеді.
Жиында әлемнің футбол басшылары Ресейді екі жылға шеттетуі мүмкін немесе толыққанды халықаралық қауымдастықтан алып тастауы мүмкін. Ондай жағдайда Ресей футбол одағы Азия конфедерациясына ауысуы ғажап емес. Біріншіден Ресей географиялық жағынан жерінің басым бөлігі сары құрлықта орналасқан. Сонымен қатар, кезінде Азия аймағында болған Израиль араб елдерінің бойкотынан кейін кәрі құрлыққа ауысқан болатын. Сондықтан Азияның алпауыттары саналатын Оңтүстік Корея, Жапония, Сауд Арабиясы, Иран және Аустралия сынды құрамаларға мықты қарсылас келуі мүмкін.
Жарнама