Футбол
2 наурыз 2020 11:40

"Реалдың" 19 жастағы ойыншысы Мессидің эль-классикодағы рекордын бұзды

Винисиус Жуниор / ©REUTERS
"Реал" шабуылшысы Винисиус Испания чемпионатының 26-шы турындағы "Барселонамен" матчте (2:0) жеңіс голын салды.

Бразилиялық XXI ғасырдағы Испания чемпионаты матчтеріндегі эль-класикода гол салған ең жас футболшы атанып отыр, - деп хабарлайды Opta Sports. 

19 жас 233 күнінде гол салған Винисиус "Барселона" капитаны Лионель Мессидің рекордын бұзды: 2007 жылы наурызда аргентиналық 19 жас күнінде гол соққан еді. 

Осы жеңіс арқасында "Реал" 56 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға шықты. "Барселона" 55 баллмен екінші.