Каталондық "Барселона" футболдан Испания чемпионатының 24-турында "Райо Вальекано" командасын ұтты, деп жазады Vesti.kz.
Барселонадағы "Олимпик Льюис Компанис" стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Матчтегі жалғыз голды 28-минутта Роберт Левандовски пенальтиден салды.
Осылай польшалық шабуылшы Ла Лиганың биылғы маусымындағы сұрмергендер тартысында көш басындағы орнын тағы бір нықтап қойды. 36 жастағы форвард 23 матчте 20 гол салып отыр.
"Барселона" қатарынан төртінші матчте ұтып, 51 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Каталондықтар қосымша көрсеткіштер бойынша мадридтік "Реалдан" асып түсіп отыр. Үш жеңіс сериясын үзіп алған "Райо Вальекано" 35 баллмен алтыншы орында.